665
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшет және 13 жоғары сынып оқушысына смартфон үлестірілді.
Қайырымдылық шарасына аудандық «Нұғман» мешітінің молда-имамдары мен жамағаты мұрындық болды. Ауданда бұл шара аясында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдыру көзделген. Қайырымды жандар жыл сайын бүлдіршіндерге мектепке қажетті заттарды табыстайтын болады.
«Біз бұл шараны жылда дәстүрлі түрде өткіземіз. Биылғы жылы карантиндік жағдайға байланысты оқушылардың қашықтан онлайн түрде сабақ оқитынын ескеріп, осындай жолдармен көмектесуді шештік. Бүлдіршіндеріміздің көңілдерін жадыратқан осы бір сауапты іске атсалысып, демеушілік жасаған барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов.