Қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғырту мәселелері талқыланды

Қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғырту мәселелері талқыланды

Қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғырту мәселелері талқыланды
ашық дереккөзі
266
2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Форумды Конституциялық Кеңес, Әділет министрлігі, Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.  width= Форум қатысушыларын құттықтай отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми Конституция қазіргі қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінде ерекше орын алатынын атап өтті. Оның мазмұны мен маңызды белгілері, ең алдымен, ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтіндігімен, конституциялық жүйенің негіздерін, мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру қағидаттарын бекітетіндігімен айқындалады. Конференция шеңберінде Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә.Темірбеков «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жолдауындағы қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың кейбір аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері баяндама жасады.

Серіктес жаңалықтары