281
Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

26 тамыз күні сағат 05:58-де Түлкібас ауданындағы Машат ауылынан 4 шақырым жерде, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар күре жолында ірі көлік апаты болды, – деп жазды Otyrar.kz сайты.
«Алматы-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан «Yutong» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып, жанымен құлаған.
Автобус салонында 34 адам, соның ішінде жеті бала болған. Көлік жанармайы төгілген жоқ. Жол-көлік апаты салдарынан, сағат 07:35-тегі жағдай бойынша, Сайрам ауданының орталық аудандық ауруханасына 17 адам жеткізілді, соның ішінде 6 адам ауруханаға жатқызылды, соның ішінде екеуі – ауыр жағдайда, арасында балалар жоқ. Қалғандары тексерілген соң, үйлеріне жіберілді. Қаза тапқандар жоқ.
Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері барды.