COVID-19: вирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді

COVID-19: вирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді

COVID-19: вирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді
ашық дереккөзі
182
Бельгия мен Нидерландта коронавирусты қайта жұқтырған пациенттер анықталды, – деп жазды ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап. Нидерландта иммунитеті төмен егде жастағы ер адам вирусты екінші рет жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы осы елдің үкіметіне кеңес беретін вирусолог Марион Копманс NOS радиосының эфирінде айтты. Оның айтуынша, вирус геномының зерттеуі бұл алдыңғы жұқтырған аурудың салдары емес, қайта жұғу жағдайы екенін көрсеткен. Бельгиядағы екінші рет коронавирус жұқтырған пациент алғаш рет COVID-19 індетіне үш ай бұрын шалдыққан. Одан кейін ол ауруынан айығып шыққан болатын. Бұл туралы вирусолог Марк ван Ранст VTM телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. Вирустың екінші штаммында 11 мутация анықталған.

Серіктес жаңалықтары