ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
ашық дереккөзі
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулардың басым бөлігі бизнес нысандарына қатысты. Сонымен қатар құжатта нысандарға қойылатын талаптар, оларды іске қосу сипаты толықтай көрсетілген. Онлайн сауда нысандары, автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу), дөңгелек жөндеу стансалары, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, химиялық тазалау, кір жуу орындары хабарлама арқылы жұмысын бастай береді. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарына мамандар барып, тексергеннен кейін рұқсат беріледі. Сонымен қатар Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына 43-қосымшада шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда нысандарына (сауда базарларына) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар да көрсетілген. Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде таныса аласыздар.