314
«Nur Otan» партиясы тұрғындардың денсаулығына алаңдайды
«Nur Otan» партиясы тұрғындардың денсаулығына алаңдайды
Қиын жағдайға тап болған Ақмола облысы Бұланды ауданының тұрғыны, азамат Р. «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалының сенім телефонына жүгінді. Ол туыстарын Қарағанды қаласындағы облыстық кардиологиялық орталыққа «жедел жүрек соғысы» диагнозымен тасымалдауға көмек сұрады.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің кеңесшісі Нәзилә Раззақтың айтуынша, бұл өтінішті партияның Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Секербекова және Балқаш орталық ауруханасының басшылығы қарады.
Партия мүшелері Р. туыстарын жедел медициналық көмек көлігімен Қарағандыдағы облыстық кардиологиялық орталыққа шұғыл тасымалдауды ұйымдастырды, онда ол толық емделді.
Өтініш беруші партия мүшелеріне қиын өмірлік жағдайда көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.