258
Елорда оқушыларына 34,5 мың компьютер сатып алынады
Елорда оқушыларына 34,5 мың компьютер сатып алынады
Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді.
«Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30 пайызға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады», – деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов.
Елорда әкімінің айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар қыркүйекте компьютермен және роутермен қамтамасыз етілетін болады.
«Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры аясында әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз. 7 мың бала «Мектепке жол» акциясымен қамтылады. Сондай-ақ, балабақшалардағы «кезекші топтардың» жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Алтай Көлгінов.