Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы: Қазақстан үшінші орында

Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы: Қазақстан үшінші орында

Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы: Қазақстан үшінші орында
ашық дереккөзі
229
Онлайн режимінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының екінші күні қазақстандық шахматшылар үшін сәтті болды. Қазақстан құрамасы барлық үш кездесуде де жеңіске жетті. «Төртінші турда Қазақстан құрамасының жас қатысушысы Рамазан Жалмаханов сенімді әрі әдемі ойын өрнегін көрсетіп, норвегиялық халықаралық шебер Хауга Йоханнеске мұндай жоғары деңгейдегі кездесуде өте сирек кездесетін мат қойды. Қазақстан-Норвегия матчы 4:2 есебімен қазақстандық шахматшылардың пайдасына шешілді», – делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында. V турда Қазақстан құрамасы Франция құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті. Жарыстың екінші күнінің соңғы, 6-турында Қазақстан құрамасы топ көшбасшысы саналған Әзербайжан құрамасын жеңді. Қазақстандық гроссмейстер Рустам Хуснутдинова пен әзербайжандық супер-гроссмейстер, 2019 жылғы әлем кубогының иегері Теймур Раджабанов арасындағы ойын тең аяқталды. Халықаралық гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева мен халықаралық шебер Денис Махнев те әзербайжандық қарсыластарына қарсы тамаша ойын өрнегін көрсетті. Денис Махнев «Аэрофлот опен-2020» халықаралық турнирінің жеңімпазы, халықаралық шебер Айдин Сулейманалиден басым түсті. Нәтижесінде әзербайжандықтармен ойын 3,5:2,5 есебімен қазақсандықтардың пайдасына шешілді. Жарыстың екі күнінің қорытындысында Қазақстан құрамасы В тобында 3-орынға табан тіреді. Олимпиаданың топтық кезеңінің 6 турынан кейін біздің командада 4 ұпайдың 3,5-ін жинаған Денис Махнев пен Меруерт Қамалиденова үздік нәтиже көрсетті. Ал Гүлісхан Нахбаева 3 ұпайды үшеуін де жинай алды.

Серіктес жаңалықтары