Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды
Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды, – деп жазды ҚазАқпарат.
Ф.Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) рингке шықты. Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.