«Nur Otan» партиясы 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті
ашық дереккөзі
318
Пандемия қарапайым өмірімізге өзінің түзетулерін енгізді, соның ішінде білім беру саласына да әсер етті, барлық мектептер қашықтан оқыту форматына көшті. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының мүшелері қайырымдылық ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника, яғни планшеттер мен веб-камералар алуға жұмсады. Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде. Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар оқушы сөмкесі, веб-камералар беріледі.

 width=

Жақында «Nur Otan» партиясының мүшесі», «КазФерроСталь» ЖШС-ның Бас директоры Аида Бекманова №142 мектептің аз қамтылған отбасыларына, сондай-ақ зауыт қызметкерлеріне көмек көрсетті. «Менің төрт балам бар, кіші ұлым биыл нөлдік сыныпқа барады. Кеңсе тауарларын сатып алу үшін біршама ақша кететін еді. Сондықтан партиялықтардың көмегі маған үлкен қолдау болды. Олар балаларыма кеңсе жабдықтарымен қатар, планшет сыйлады. «Nur Otan» партиясына қиындықта жалғыз қалдырмай, балаларды мектепке жинауға көмектескен үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», – дейді зауыт қызметкері Жанар Найзағараева.

Серіктес жаңалықтары