264
Праймериз-2020: Түркістанда 340 өтініш тіркелді
Праймериз-2020: Түркістанда 340 өтініш тіркелді
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде праймеризге қызығушылық өте жоғары екенін атап өтті.
«Облыстағы партия мүшелерінің дерекқор базасын өзектендіру барысында 80 мыңға жуық азаматтың телефон нөмірлері мен электронды почталары түзетілді. Дауыс беруге және дебаттарды өткізуге 209 орын дайындалды. Дауыс беру форматы бойынша электрондық бюллетень арқылы онлайн форматта 170 орында, дәстүрлі қағаз бюллетенімен 39 орында өтеді. Аудан, қала деңгейінде ұйымдастыру комитеттері, есеп комиссиялары, Партиялық бақылау комиссиялары құрылды. Дауыс беруге «Nur Otan» партиясының 80 720 мүшесі қатысады деп жоспарланған. Түркістан облысында праймериздің алғашқы күні 38 өтініш тіркелсе, екінші күні 46 өтініш тіркелді. Жалпы қазір 340 өтініш қабылданды. «Nur Otan» партиясының бұл бастамасы демократиялық және азаматтық қоғамды дамытуға серпін береді деп есептеймін. Бұл саяси додада бақ сынауға барша азаматқа мүмкіндік берілген. Өзіндік беделі, бағыт-бағдары бар патриот азаматтар іріктеліп, олар жергілікті деңгейдені мәслихаттарға, Парламентке ұсынылады», – деді Б.Дәулетұлы.
Тіркелген кандидаттар саны – 105. Қалған үміткерлердің кандидатурасы тіркелуде. Өтініш берген 340 үміткердің ішінде әйелдер – 73 (21,5%), 35 жасқа дейінгі жастар – 105 (30,9%).
Үміткерлердің басым бөлігі, яғни, 24,7% білім және ғылым саласының өкілдері құрайды. Осы саладағы 84 азамат тіркелді. Сонымен бірге 61 кәсіпкерлік саласының өкілі құжат тапсырса, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 31 азамат өтініш берді.