235
Праймериз-2020: байқаушыларға арналған НҰСҚАУЛЫҚ бекітілді
Праймериз-2020: байқаушыларға арналған НҰСҚАУЛЫҚ бекітілді

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймериздегі байқаушыларға арналған нұсқаулықты бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұйрық 18 тамыздан бастап күшіне енді.
Бұйрықтың орындалуын бақылау партия хатшысы Ж.Қ.Қалиевке жүктелді.
Праймериздегі байқаушыларға арналған НҰСҚАУЛЫҚ
Осы Нұсқаулық «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу ережесіне сәйкес әзірленді және праймериздегі байқаушылардың өкілеттіктерін айқындайды.
Кандидаттың мүдделерін білдіретін, праймериздегі дауыс беру барысын байқауды жүзеге асыратын партия мүшесі байқаушы болып табылады.
Праймеризге қатысушы кандидат өзінің сенім білдірілген адамдары қатарынан байқаушыларды айқындайды.
Ұйымдастыру комитеттерінің, есеп комиссияларының, партиялық бақылау комиссияларының мүшелері байқаушылар бола алмайды.
Кандидат ұйымдастыру комитетіне праймеризге қатысуға арналған құжаттарды беру кезінде дауыс беру күні дауыс беру учаскелерінде байқаушы ретінде оның мүдделерін білдіре алатын өзінің сенім білдірілген адамдарының тізімі мен олар туралы мәліметтерді ұсынады.
Мәліметтерде тегі, аты және әкесінің аты туралы мәліметтер, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болу қажет.
Аумақтық ұйымдастыру комитеттері кандидаттардың сенім білдірілген тұлғалары туралы мәліметтерді учаскелік есеп комиссияларына береді.
Байқаушылар дауыс беру күні дауыс беру учаскесі ашылған сәттен бастап дауыс беру қорытындылары шығарылғанға дейін дауыс беру учаскесінде бола алады. Сонымен бір уақытта дауыс беру учаскесінде әрбір кандидаттан бір-бір байқаушыдан бола алады.
Дауыс беру учаскесіне келген байқаушы өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Учаскелік есеп комиссиясы учаскеде байқаушының қатысуы туралы журналға белгі қояды.
Дауыс беру учаскесіне қатысып отырған байқаушылар:
- дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс дауыс беруге қатысқан партия мүшелерінің саны туралы ақпарат алуға;
- дауыс беру барысын, дауыстарды санау және учаскедегі дауыс беру қорытындыларын рәсімдеу процедурасын қадағалауға;
- тасымалданатын урналардың қасында жүруге, сонымен бірге оларды тасымалдайтын көлік құралының ішінде болуға;
- есеп комиссияларының мүшелеріне өзінің байқаулары, анықталған бұзушылықтар туралы хабарлауға, ұсыныстар енгізуге;
- тиісті есеп комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы бақылау комиссияларына шағымдануға;
- учаскелік есеп комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған бюллетендерді санауы мен жоюы кезінде қатысуға;
- дауыс беру және оның қорытындыларын шығару барысына кедергі келтірмей фото және бейнежазба жасауға;
- учаскелік есеп комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларын жоғары тұрған есеп комиссиясына беру рәсімін қадағалауға;
- дауыс беру өткізілгеннен кейін есеп комиссияларының қағаз жүзіндегі бюллетеньдері бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға құқылы.
- өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттарын алып жүруге;
- дауыс беру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын рәсімдеу процесіне араласпауға;
- учаскелік есеп комиссиясының және басқа да байқаушылардың жұмысына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға;
- өз ескертпелерін құжаттамаланған, іс жүзіндегі және тексеріле алатын фактілермен негіздеуге (оның ішінде фото және бейнежазбалар);
- дауыс беру өткізіліп отырған үй-жайда үгіт жұмысын жүргізбеуге міндетті.
- дауыс беруді белгіленген уақыттан тыс өткізу;
- партия мүшелерінің тізімдерінде көрсетілмеген адамдарға бюллетендер беру;
- басқа адамдар үшін дауыс беру;
- учаскелік есеп комиссиясы мүшесінің дауыс беруге арналған бюллетенде қолтаңбасының болмауы;
- дауыс берушілерге жеке басын куәландыратын немесе партиядағы мүшелігін растайтын құжатын тексермей бюллетеньдер беру;
- дауыс беру өткізіліп отырған үй-жайда үгіт жүргізу;
- дауыс беруге кедергі жасау;
- дауыс беру құпиялығын бұзу;
- құжаттарды (есеп комиссияларының хаттамалары, бюллетендер және өзге де құжаттар) жалған жасау;
- дауыстарды дұрыс санамау;
- «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу Ережесін және осы Нұсқаулықты бұзатын өзге де әрекеттер.