207
42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

Карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21 тамыз сағат 09.00-дегі мәліметі бойынша, шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға азаматтардан 2 млн 582 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
«Төлем мөлшері ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 369,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 360,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деп хабарлайды министрлік.
Жәрдемақы алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.
2 млн 582 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
- 834,6 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
- 676,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы;
- 408,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
- 663,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет-ресурстары арқылы;
- 0,4 мың адам штаб арқылы өтініш берген.
- 834,6 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
- 260,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
- 1 млн 487,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).