Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
ашық дереккөзі
173
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Онда Президент Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралау барысында күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижесімен танысты, – деп жазды Ақорда. Атап айтқанда, кесененің желдеткіш қабаттары реттеліп, күмбез етегіндегі сегіз қырлы қосындыға гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағындағы тарихи орындар қайта қалпына келтіріліп, кесене алдына туристер демалатын қалың бау-бақшалы алаңқай салынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа атқарылған жұмыстың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілгені жөнінде баяндалды.

Серіктес жаңалықтары