200
Онлайн білім беру: 24 мың ұстаздың құрал-жабдығы дайын емес
Онлайн білім беру: 24 мың ұстаздың құрал-жабдығы дайын емес
Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр.
Бұл жайында «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев карантин жағдайында мектептерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге арналған отырыста айтты.
Отырыс білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғара және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожаның қатысуымен өтті.
Павел Казанцев атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мәселесін пысықтауды тапсырды. «Nur Otan» партиясы өз кезегінде осы тапсырманың орындалуын бақылап, мониторниг жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта елімізде 3,3 миллионнан астам оқушы бар, және олардың көпшілігінде қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік жабдықтар жоқ.
Аймақтардағы мектептер мүлде дайын емес: республикадағы 24 мыңға жуық мұғалімнің онлайн білім беруді ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтары (жеке компьютерлері) жоқ, ал тағы 2 мыңы үшін интернет қол жетімді емес.
«Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр, көптеген елді мекендерде жоғары сапалы интернетке қол жетімділік проблемалары әлі де бар, демек, оқу процесінің сапасын жоғалтудың нақты қаупі бар», - деді Партиялық бақылау комитетінің төрағасы.
Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, компьютерлері жоқ оқушылар ең көбі
- Батыс Қазақстанда - 64% (68 825 оқушы);
- Жамбылда - 42,5% (99 852 оқушы);
- Алматыда - 38,9% (87 527 оқушы);
- Маңғыстауда - 32,4% (49 652 оқушы);
- Ақтөбе - 28,1% (44 485 оқушы);
- Түркістанда - 22,3% (111 555 оқушы);
- Ақмолада - 23,9% (31 656 оқушы).
- Маңғыстау облысында - 23,6%;
- Түркістан облысында - 22,3%;
- Жамбыл облысында - 19,5%;
- Алматыда - 19%.