197
Бас санитарлық дәрігерге қатаң сөгіс беріле ме?
Бас санитарлық дәрігерге қатаң сөгіс беріле ме?
Талдықорғанда Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің ісі әдеп кеңесінде қаралды. Кәсіпкерлерге «басымды қатырмаңдар» деген бас санитарлық дәрігерге қатаң сөгіс беру ұсынылды.
Президент Әкімшілігі және Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Ерғали Сыдымановтың халықпен дөрекі сөйлескен әрекеті бойынша істі қарау тапсырылғанын әдеп кеңесінің төрағасы Ляззат Мұқатайқызы жеткізді.
Кеңес мүшелерінің барлығы Ерғали Сыдымановтың әрекетін талқылап, мемлекеттік қызметші этикасын сақтамағаны үшін қатаң сөгіс беруді ұсынды.
Енді әдеп кеңесінің бұл ұсынысына байланысты шешімді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлерге «басымды қатырмаңдар» деген бейнежазбасы желіге тарап, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын.