229
Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар шешеді
Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар шешеді
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтеріне қарағанда, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді.
«Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды», – делінген хабарламада.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңес өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқылануда.