Полицейдің беделіне нұқсан келтірген жарнамашылар 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

Полицейдің беделіне нұқсан келтірген жарнамашылар 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

Полицейдің беделіне нұқсан келтірген жарнамашылар 1,5 млн теңге айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
261
Алматы облысында жалған полицейдің қатысуымен жасалған жарнамалық ролик үшін ұйымдастырушыларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп жазды ҚазАқпарат. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram-нан автошиналар сататын дүкендердің бірінің жарнамалық бейнеролигі анықталды. Тексеру барысында бейнежазбадағы жігіт полицияға еш қатысы болмаса да, оның арнайы киімін киіп, өзін полиция капитаны ретінде таныстырғаны белгілі болды. «Полицейлердің арнайы нысанды киімін оған ешқандай қатысы жоқ азаматтардың пайдалануы орынсыз және роликтің қатысушылары мен ұйымдастырушыларының әрекеттері қазақстандық полицияның имиджіне нұқсан келтіріп, оның беделін түсірді деп санаймын. Бұл факті бойынша әкімшілік материал жинақталды және интернет жарнамаға түскен 29 жастағы актер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінде ҚР ӘҚБК 675-бабында сәйкес құқық бұзушылық белгілері, яғни нысанды киім мен арнайы киім-кешекті заңсыз кию дерегі анықталды. Сонымен қатар, құқық бұзушының әрекеті ҚР ӘҚБК 73-3 бабының 2-тармағына сәйкес «жала жабу» дерегі үшін 650 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл немесе 25 тәулікке қамауға алу қарастырылған», – деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев. Сонымен бірге, Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғынының ұйымдастырушы екені анықталды. Ол бойынша әкімшілік материал қалалық әкімдіктің Кәсіпкерлік бөліміне жолданды. Енді оларға заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мазмұндағы жарнама әлеуметтік желілерден алынып тасталды және жалған полицейдің арнайы айырым белгілері мен символикасы бар киімі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары