Министр биыл миллионнан астам адам жұмыспен қамтылатынын айтты

Министр биыл миллионнан астам адам жұмыспен қамтылатынын айтты

Министр биыл миллионнан астам адам жұмыспен қамтылатынын айтты
ашық дереккөзі
293
Бүгін елордада Асқар Маминнің қатысуымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудағы қолдау шаралары қаралды. Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатындағы қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, биыл 1 миллионан астам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы Strategy2050.kz сайты жазды. Біржан Нұрымбетовтың мәліметінше, еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Бүгінге дейін 743 мың адам сол шараларға тартылған. «Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 мың 800 жеңілдетілген несие және 17 мың 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылған», – деді министр. Қысқа мерзімді оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлегі жұмысшы мамандықтар бойынша «тегін техникалық кәсіптік оқуға» жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс тауып берді.

Серіктес жаңалықтары