ТЖД қала өзендерінде шомылуға тыйым салды

ТЖД қала өзендерінде шомылуға тыйым салды

ТЖД қала өзендерінде шомылуға тыйым салды
ашық дереккөзі
274
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала өзендерінде шомылуға тыйым салынғанын еске салды. Қалалық ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ондағы суды ішу және тұрмыстық қажеттік үшін алуға, малды суаруға, қайықпен және басқа да жүзу құралымен серуендеуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Алматы арқылы ағатын өзендерде (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) шомылу және қайықпен жүзуге тыйым салынған, себебі олар қауіпті деп саналады. Осыған байланысты, Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарын су қоймаларында қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырады», – деді ТЖД-дан. Осы арада, Kris_p паблигінде Үлкен Алматы өзенінде шомылып жатқан адамдардың фотосы жарияланған еді. ТЖД өзен маңын тексеру барысында онда шомылып жүргендер байқалмағанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары