17 тамыздан бастап білім беру орталықтары ашылады

17 тамыздан бастап білім беру орталықтары ашылады

17 тамыздан бастап білім беру орталықтары ашылады
ашық дереккөзі
204
17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Осыған орай көптеген кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы қайта жанданады.  Дүйсенбіден бастап ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары ашылады. Бұл орталықтардың қызметі шектеледі, яғни бір топта 5 адамнан аспауы керек. Ал сабақтар алдын ала жазылу, күшейтілген дезинфекция және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жүргізілуі керек. «Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына да рұқсат етіледі, бірінші кезеңде олар кезекші топтар түрінде жұмыс істейді. Әр жасқа 15 баладан аспайтын кезекші топтар құрылады», – дейді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова. Айта кетейік, бизнес нысандар қатаң карантин талаптарына сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған.  

Серіктес жаңалықтары