211
Дүйсенбіден бастап сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданады
Дүйсенбіден бастап сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданады
17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Осыған орай көптеген кәсіпкерлік субъектілердің жұмысы қайта жанданады. Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Бұл нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте: «Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады. Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды. Сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады», – деді.