«Ұлттық аударма бюросы»: 30 жаңа оқулық аударылды

«Ұлттық аударма бюросы»: 30 жаңа оқулық аударылды

«Ұлттық аударма бюросы»: 30 жаңа оқулық аударылды
ашық дереккөзі
347
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында биыл қазақ тіліне 30 жаңа оқулық аударылды. Оқулықтардың жаңа топтамасы кинотану, театртану, өнер, этика, эстетика, медиа, тарих, микро және макро экономика мен бизнес, жеке қаражат, саясаттану, сондай-ақ, азаматтық іс-жүргізу құқығы мен интеллектуалдық меншік құқығы, педагогика және статистика секілді салаларды қамтиды. Еліміздің мәдени шығармашылық бағыттағы оқу орындарының ұсынысы бойынша, бұл жолғы аударма аясында кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану бағытындағы оқулықтарға басымдық берілді. Өнер академияларынан келген ұсыныстарға сәйкес аталған өнер мен білім салаларында әлемге танымал авторлардың құнды еңбектері таңдап алынды.  width= Атап айтсақ, француз философы Жил Делөздің «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық, киноны философиялық шығарма тұрғысынан таныстыратын классикалық туындысы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Сондай-ақ, жаңадан аударылған оқулықтардың ішінде кино мен телевизия мамандары үшін аса құнды болар «Киносценарий. Сценарий жазу негіздері» деп аталатын оқу құралы бар. Классикалық негіздегі бұл оқу құралы концептіден дайын сценарий шығаруға дейінгі сатылы нұсқаулық ұсынады. Оқулық 30 рет қайта басылып, әлемнің 20-дан аса тіліне аударылған. Аталған 30 оқулықтың әрқайсысы 10 мың дана басылыммен шығарылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылады. Оқулықтардың электронды нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» (www.openU.kz) порталына орналастырылып, интернет арқылы еркін қолданысқа берілді.  width= Сондай-ақ, аударылған және аударылып жатқан оқулықтардың негізінде қазақ және орыс тілдерінде мультимедиалық онлайн курстар әзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» (www.openU.kz) порталына жүктелді. Аударма және басылымдарды дайындау жұмысына Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі аудармашылар, тілшілер мен әдебиетшілер ортасынан іріктелген редакторлар, жалпы саны 300-ден аса маман қатысуда.

Серіктес жаңалықтары