Алматыда құрылыс компаниясының екі қонақүйі ауруханаға айналады

Алматыда құрылыс компаниясының екі қонақүйі ауруханаға айналады

Алматыда құрылыс компаниясының екі қонақүйі ауруханаға айналады
ашық дереккөзі
268
RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін коронавирусты емдейтін ауруханаға айналдыруға дайын. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. "RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы. Жалпы сыйымдылығы 215 төсек-орын, оның ішінде 34 қарқынды терапия мен реанимация бар. Бақылау мен сұрыптау бокстары, ота жасау және емханалық бөлімшелер қарастырылған", - деп жазды әкім Instagram парақшасында жазды. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, барлық үй-жайлар бөлек кіретін және зарарсыздандыру жүйелері бар үш аймаққа бөлінеді. Таза ауа айналымы үшін теріс қысымы бар жүйе қарастырылған. Бұл персоналдың жұқтыру қаупін азайтады. "Госпитальдар заманауи жабдықтармен, соның ішінде КТ және рентген аппараттарымен, УДЗ, ӨЖЖ, сондай-ақ медициналық газдар жүйесімен жабдықталады. Түркиядан келетін дәрігерлерді қоса алғанда, медициналық қызметкерлер құрамы дайын. Мұндағы тағы бір ерекшелік, 90 минуттың ішінде КВИ-тестінің нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін жеке ПТР зертханалары бар. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін госпитальдарды 1 қазанға дейін ашу жоспарлануда", - деді шаһар басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев қалада екінші екінші модульді аурухана құрылысы басталғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, жаңа аурухана 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы – реанимациялық орын. Сондай-ақ, қала әкімі коронавирустың күздегі жаңа толқынында орын тапшылығы болмас үшін 7 700 пациентке орын дайындалатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары