ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға 9,8 млн айыппұл салынды

ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға 9,8 млн айыппұл салынды

ШҚО-да балық аулау ережесін бұзғандарға 9,8 млн айыппұл салынды
ашық дереккөзі
382
ШҚО-да балық ресурстарын қорғау аясында 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 2020 жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1 317 жедел рейд жүргізді. Рейдтік тексерістер барысында балық ресурстарын қорғау аясында 577 заң бұзушылық анықталды. Ол бойынша 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде өрескел заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімдерде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 95 материал сотқа жіберілді. 9 801 384 теңгеге айыппұл салынды, 5 415 850, 6 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз қолданылған 1 352 дана аулау құралы алынып қойылды, оның ішінде синтетикалық моно-талшықтан жасалған 924 ау, 11 қайық және әртүрлі типтегі 6 мотор, 3933,7 кг заңсыз олжаланған балық тәркіленді. 2020 жылдың 7 айында Инспекцияның лауазымды тұлғалары табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде 9 адам жауапкершілікке тартылды. Құрамына мүдделі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіретін жедел топтар құрылды. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен жүргізілген 32 бірлескен рейдтік іс-шара барысында 8 құқықбұзушылық ашылды. ШҚО шеңберіндегі су айдындарында 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап 2020 жылғы 1 шілде аралығында балықты және басқа су жануарларын аулауға бекітілген лимит 3804,973 тоннаны құрайды, оның 3591,591 тоннасы, 94,3%-ы игерілді. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 3206,4 мың теңге сомаға 2658,0 мың дана балық жіберілді. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында 350,0 мың теңге сомаға 1000,0 мың дана балық жіберілді. Келтірілген залалды өндіріп алу есебінен «Шүлбі ГЭС» ЖШС 2 917 707 теңге сомаға 132623 дана, «Өскемен ГЭС» ЖШС 6 955 847 теңге сомаға 297 730 дана, «Казцинк» ЖШС 1 773 333 теңге сомаға 70933 дана балық жіберу жұмыстарын жүргізді.  

Серіктес жаңалықтары