Әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы екпе тіркелді

Әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы екпе тіркелді

Әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы екпе тіркелді
ашық дереккөзі
Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді. Бұл туралы ел президенті Владимир Путин үкімет жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды, ТАСС. «Менің білуімше, бүгін таңертең жаңа коронавирус инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді», - деді Путин. Сондай-ақ, Ресей басшысы жаңа екпе барлық қажетті тексерулерден өткенін атап өтті. Владимир Путин  тіркеуден өткен вакцинаны жаппай шығару жақын арада басталатынына сенім білдірді. Оның сөзінше,уақыт өте келе әлемде коронавирусқа қарсы көптеген екпе пайда болмақ.  Еске сала кетсек, бұдан бұрын  РФ Денсаулық сақтау министрі М.Мурашко Н.Ф. Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы жасап шығарған екпенің клиникалық сынақтан өткенін мәлім еткен болатын. Министрдің айтуынша, індетке қарсы препарат бірінші болып медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге егіледі. Ал коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау қазан айында басталмақ.