«Nur Otan» жаңақорғандықтарды ауыз сумен қамту мәселесін бақылауға алды

«Nur Otan» жаңақорғандықтарды ауыз сумен қамту мәселесін бақылауға алды

«Nur Otan» жаңақорғандықтарды ауыз сумен қамту мәселесін бақылауға алды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы тұрғындарының өркениетті қоғамның қарапайым игілігі таза ауыз су тапшылығының зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Амалы таусылған халық әлеуметтік желі арқылы «Nur Otan» партиясына арызданды.  width= Жұртты толғандырған мәселе меморгандар өкілдерімен бірге өткен партияның облыстық бақылау комиссиясының отырысында қаралды. Осыған орай, салынып жатқан «Арал» бірлескен кәсіпорны дирекциясының директоры Алтынбек Есенов Жаңақорған ауданындағы су құбыры құрылысының аяқталғанын атап өтті. Алайда, негізгі бастоған  ағымдағы жылдың желтоқсанында ғана іске қосылатындықтан дәл қазіргі уақытта су беру мүмкіндігі жоқ.  width= Партиялық бақылау комиссиясы су құбыры қосылғанға, яғни, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін тұрғындарды су таситын көліктермен болса да уақытша таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты аудандық әкімшілікке тапсырма берді.Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.