“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
ашық дереккөзі
711
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube-арнасында көрермен назарына ұсынылды. "Абай жолының" қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну. "Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Massaget.kz сайтының арт-директоры әрі жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.  width= "Абай жолы" әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі. Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар", - дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек. Мазмұн мәтініне шығарманың негізгі бөліктері таңдалып, жазушының тілі мен көркемдік құралдары сақталған. Шығарманың бірінші томындағы тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады. Жобаның ақпараттық серіктесі – Alash Media Group медиахолдингі.  width= Абай күніне орай 10 тамызда І томның "Қайтқанда" тарауы көрермен назарына ұсынылды. https://www.youtube.com/watch?v=FC-8TcD35I8&t=38s

Серіктес жаңалықтары