195
Президент Абай мұрасын насихаттауға еңбек сіңірген азаматтарды "Достық" орденімен марапаттады
Президент Абай мұрасын насихаттауға еңбек сіңірген азаматтарды "Достық" орденімен марапаттады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Оқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынамыз.
***
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз
№ 379
II дәрежелі «Достық» орденімен | ||
Америко Эдельсио | – | Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы |
Ганем Халед Ас-Саид | – | Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы |
Кибар Зафер | – | жазушы, Түркия Республикасы |
Кошут Леонард | – | әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы |
Манн Джейн | – | Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі |
Мәжит Ақбар | – | жазушы, Қытай Халық Республикасы |
Пряхин Георгий Владимирович | – | Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы |
Пуиг Мария Санчес | – | Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі |
Хачатрян Шушан | – | Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы |
Хуанчжан Ха | – | аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы |
Шатқам Қажымұхамет | – | жазушы, Иран Ислам Республикасы. |