358
COVID-19: Елімізде 246 науқас ауыр халде жатыр
COVID-19: Елімізде 246 науқас ауыр халде жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 246 науқас ауыр халде жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде республика бойынша коронавирус инфекциясынан 25 650 адам емделуде. Олардың арасында 105 бала бар. Стационарларда 4 713 науқас жатыр. 20 937 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 246 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 69 науқастың жағдайын мамандар аса ауыр деп бағалап отыр. 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте 741 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққан науқастардың жалпы саны 100 мыңға жуықтады. Індеттен 1058 адам көз жұмды. Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны 164-ке жетті.