Елімізде ұлттық санақ жүргізу бір жылға шегерілді

Елімізде ұлттық санақ жүргізу бір жылға шегерілді

Елімізде ұлттық санақ жүргізу бір жылға шегерілді
ашық дереккөзі
289
Статистика комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сенсек, Үкімет былтыр 19 маусымда 2020 жылы ұлттық санақ өткізу туралы қаулы шығарған. Оған сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы биылғы 1-30 қазан аралығында өтуге тиіс еді. «Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантин шараларына байланысты ұлттық халық санағын 2021 жылғы қазан айына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды», – деп мәлімдейді комитет. Ұлттық халық санағын өткізу әдісі өзгеріссіз қалады. Яғни 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, ал 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауапты планшетте тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары