«Nur Otan» партиясы үйі өртеніп, далада қалған қарияға көмектесті

«Nur Otan» партиясы үйі өртеніп, далада қалған қарияға көмектесті

«Nur Otan» партиясы үйі өртеніп, далада қалған қарияға көмектесті
ашық дереккөзі
258

Жуырда БАҚ және әлеуметтік желілерде жалғызбасты әкенің үш баласымен қиын жағдайда қалғаны туралы жаңалық партиялықтарды шетте қалдырмады. Бұл жағдайға зейнеткер үйі өртенгеннен кейін тап болған.

Бұл жаңалыққа «Nur Otan» партиясының мүшелері бірден үн қатты. Алматы қалалық филиалының бастамасымен  партияның белсенді мүшелері Шухрат Шардинов пен Максим Финогенов отбасының тұрғылықты жері бойынша үйіне барып, көмек көрсетті.

 width=

Бірнеше ай бұрын жарынан айырылған Әбдукәрім Әбдірахманов үш кішкентай баласын жалғыз тәрбиелеуде. Отбасы бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыға күн көруде. Алайда құжаттарды рәсімдеуде де өзінің қиыншылықтары туындап жатыр. Қолдау көрсетуге ниет танытқан бірқатар адамдар зейнеткердің ақшасын алып, алдап кеткен болатын. Өрттен кейін отбасының қора-қопсыда тұрып жатқаны анықталды.

«Астана телеарнасында осындай қиын жайғдайға тап болған Түрксіб ауданының тұрғыны туралы сюжетті көргенде, «Nur Otan» партиясының мүшелері ретінде бұл мәселеге бей-жай қарай алмадық. Құрылыс материалдарымен көмектесіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етудеміз. Сондай-ақ, құрылыс аяқталғаннан кейін үйдің электр сымдарын жасаймыз», – деді «Nur Otan»партиясының мүшесі, «АКҚЗ» зауытының директоры Шухрат Шардинов.

 width= Бұдан бөлек партия мүшесі Максим Финогеновөз тарапынан үйді газбен жабдықтаудың орталық жүйесіне қосуға және қажет құжаттарды рәсімдеуге көмек қолын созды.

«Партиялықтарға, көмектесіп жатқан барша адамдарға алғысым шексіз. Алла разы болсын!», – деді Әбдукәрім Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары