207
Президенті Ахметжан Есімовті қабылдады
Президенті Ахметжан Есімовті қабылдады
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесуде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды. Ахметжан Есімов Президентке Ресеймен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.