192
Алматының екі ауданында суық су болмайды
Алматының екі ауданында суық су болмайды
Алатау және Түрксіб ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда суық су болмайды, – деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
«11 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Алатау ауданына қарасты «Зерделі», «Нұркент», «Алмалы», «Алатау Сити» мен Атлетикалық ауылында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. Сонымен қатар, 13 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Түрксіб ауданындағы Шолохов-Ержанов-Осипенко-Сауранбаев көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады», – делінген хабарламада.
Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады. «Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.