276
Мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда
Мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда
Елорда әкімдігі отанды ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда.
«Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны – мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында.