Қазақстандықтарға шығуға рұқсат берілген елдер тізімі

Қазақстандықтарға шығуға рұқсат берілген елдер тізімі

Қазақстандықтарға шығуға рұқсат берілген елдер тізімі
ашық дереккөзі
505
Freedom Finance Life мамандары коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстандықтардың бару мүмкіндігі бар 17 елді белгіледі. Қазақстандықтар шетелге тек демалу мақсатында шықпайды. Адамдар іссапарын, жақындарын көруді, емделу немесе әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлауы мүмкін. Осыған орай, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізіп, жаздың аяғына дейін қазақстандықтарға баруға тыйым салынған елдерді, біздің туристерді белгіленген ережелерге сәйкес қабылдайтын елдерді, сонымен қатар, шекарасын толық, соның ішінде, демалу үшін ашқан елдерін анықтады. Туристерге баруға толық тыйым салынған елдер тізіміне 60-тан астам елдер кірген. Олардың ішінде: Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Израиль, Сирия, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Куба, Перу, Аргентина, ОАР, Марокко, Алжир, ҚХДР. 90-нан астам ел шетел азаматтарын белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайын екендігі туралы мәлімдеді. Олар: Ресей, Тәжікстан, Беларусия, Грузия, Армения, Моңғолия, Канада, АҚШ, Бразилия, Еуропа мемлекеттері (Молдованы қоспағанда), БАЭ, Үндістан, Қытай, Австралия, Жапония, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин және Жаңа Зеландия. Әзірше аталған ережелер, демалу мақсатында шыққан туристердің көпшілігіне таралмайды. Алайда, шетелге басқа себептермен барушылар үшін, мысалы, ата-аналардың шетелде оқитын баласы бар, операция немесе іссапар жоспарланған болса, ерекше ережелерді сақтау талап етіледі. Туристерге шекарасын ашқан елдер саны әзірге 17. Олар: Украина, Ауғанстан, Сербия, Египет, Мексика, Доминикан Республикасы, Мальдив және Багам аралдары. Тыйым салу толық алынғанымен, ұшып келгенде жолаушылар медициналық куәландырудан өтуге және ауруы жоқ туралы анықтамасын ұсынуға тиіс.

Серіктес жаңалықтары