Коронавирус тұрмыстық зорлық-зомбылықты 21 пайызға арттырды – ІІМ

Коронавирус тұрмыстық зорлық-зомбылықты 21 пайызға арттырды – ІІМ

Коронавирус тұрмыстық зорлық-зомбылықты 21 пайызға арттырды – ІІМ
ашық дереккөзі
195
Коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген карантин кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты. «Биыл барша әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайының ушыққаны байқалуда. Өкінішке қарай, бұл проблема біздің елді де айналып өтпеді. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті», - деді ол. Басқарма басшысының сөзінше, карантин кезінде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі қолданылған.  Тіркеуде тұрғандар және құқық бұзушылыққа әуес адамдар қашықтан, яғни әлеуметтік мессенджерлермен видео байланыс арқылы тексеріліпті. «Бұл тәсіл аталған адамдарды жедел бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жайында полиция органдарына жедел хабар беру үшін арнайы алгортим дайындалды. Онымен дәріханалар мен дүкендердің сатушылары, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болуы мүмкін жандар таныстырылды», - дейді Ә.Оспанов. Осы шара нәтижесінде өзін-өзі оқшаулау кезеңінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылды. Олардың жартысына жуығы әкімшілік қамауға алыныпты.  

Серіктес жаңалықтары