6 Тамыз, 09:51 664 0 Атажұрт Túrkistan Gazeti

Қандастар гуманитарлық көмек жіберді

Саратовтағы қазақ диаспорасы Орал қаласына гуманитарлық көмек жіберді. 5 мың дана медициналық бетперде, 50 электронды термометр, 250 қорап антисептик және 2 мың жұп бір рет қолданылатын қолғаптар - жалпы құны 8,6 миллион теңгеден асатын гуманитарлық көмек Орал қаласындағы медициналық мекемелер мен жалғызбасты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратылмақ.

Сонымен қатар Германияда тұратын Еуропа қазақ форумы ұйымының мүшелері (European Kazakh forum) Германияның Мюнхен қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына гуманитарлық көмек апарды. Қандастар 700-ден астам дәрі-дәрмек және медициналық бетперделер мен қолғаптар табыстаған.

 

Ділда УӘЛИБЕК

Соңғы жаңалықтар