42 500 теңге: 2,2 млн-ға жуық қазақстандық біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,2 млн-ға жуық қазақстандық біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,2 млн-ға жуық қазақстандық біржолғы төлем алды
ашық дереккөзі
246
2,2 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлем алды, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 5 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн-нан астам өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. 2,4 млн-нан астам өтінімнің ішінде:
  • 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 621,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
  • 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 634,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
  • 835,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 216,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 1 млн 398,5 мың өтініш азаматтардың басқа санатынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары