Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтары еліне қайтарылады

Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтары еліне қайтарылады

Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтары еліне қайтарылады
ашық дереккөзі
298
Қазақстанда жүрген Монғолия азаматтарын елге қайтару үшін Монғолия Үкіметі Қазақстанға ұшақ жіберетінін ресми мәлімдеді. Жуықта ғана Монғолияда өткен Парламент сайлауында жеңіске жеткен қандасымыз – Монғолия Парламентінің мүшесі Тілеуханұлы Әубәкір бүгін, яғни тамыздың 4-күні Монғолия Үкіметі басшысының орынбасары Я.Содбаатармен кездесті. Парламент мүшесі Т.Әубәкір карантинге байланысты Қазақстанда қалып қойған отандастарын Монғолияға қайтару жөніндегі депутаттық сауалын Мемлекеттік төтенше комиссияға шілденің 7-сі күнгі берген болатын. Кездесуде осы ресми хаттың жауабы сұралды және де Қазақстанға тағы да ұшақ ұшыру жөніндегі азаматтардың өтініш талаптары жеткізілді. Монғолия үкімет басшысының орынбасары Монғол елі әлем елдеріндегі өз азаматтарын елге әкеліп жатқан жұмыстары туралы айта келе тамыздың 22-нен Қазақстанға тағы бір рет ұшақ ұшыратынын ресми мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары