304
Олжас Әбішев екі айға қамалды
Олжас Әбішев екі айға қамалды
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамалды.
«3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда соты баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растады. Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.