256
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сәкен Сейітжаппарұлы 1977 жылы 2 ақпанда Шымкент облысында дүниеге келді. Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірген, «Ақпарат өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша инженер.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген, Қазақстан Республикасы радиожиілік спектрін пайдалануды бақылау мәселесімен айналысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы» РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2003 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2008 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың қазан айына дейін «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер бойынша Басқарушы директоры лауазымын атқарды. 2009 жылдың қазан айынан 2010 жылдың 30 наурызына дейін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнаулы есеп жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі лауазымын атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі қызметінде болды. Сонымен қатар ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (09.04.2014-13.08.2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы (08.2014 бастап) лауазымдарын атқарды. 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі болған.
2017 жылдың ақпанынан 2020 жылға дейін «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.