195
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам көз жұмды
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Министрдің мәліметінше, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 науқас пневмониядан көз жұмған.
Сондай-ақ, Алексей Цой елімізде коронавирус жұқтырғандардың 67 пайызы емделіп шыққанын айтты. Оның сөзінше, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада індеттен емделгендер саны артып келеді.