Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 67 пайызы емделіп шықты – министр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 67 пайызы емделіп шықты – министр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 67 пайызы емделіп шықты – министр
ашық дереккөзі
190
Елімізде коронавирустан емделіп шыққандар саны артып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  «Бүгінгі таңда республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 92 262 жағдайы тіркелді. Иә, бұл сан үрей тудыруы мүмкін. Алайда олардың 67 пайыздан астамы аурудан сауығып шықты. Мұндай жағымды көрсеткіштер баяу болса да өсіп келеді. Жағдай Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада оңалып келеді», - деді министр. Алексей Цойдың айтуынша, еліміз індеттің шарықтау шегінен өтті. «Біздің міндетіміз - бүкіл адамдар үшін, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қиын сынақпен келген осы позицияны ұстап қалу», - деді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндеттеген болатын. Президенттің айтуынша, онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.

Серіктес жаңалықтары