292
Елордада автобустар қозғалысы жанданады: жолаушылар мен жүргізушілерге қандай талап қойылады?
Елордада автобустар қозғалысы жанданады: жолаушылар мен жүргізушілерге қандай талап қойылады?
3 тамыздан бастап жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысы жанданады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасына жазды.
«Мен карантин кезеңіндегі қоғамдық көліктердің дайындығымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша біз 3 тамыздан бастап автобус қозғалысын қалпына келтіреміз. Тек қала ішінде жүретін бағыттар іске қосылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Автобустар сағат 6: 00-ден 21: 00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады. Көліктік бақылау бөлімінің қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізіп, жүргізушілер де, жолаушылар да маска режимін сақтайтын болады. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады. Автобустан тек алдыңғы есіктен шығады. Жол жүру ақысы банктік аударым арқылы жасалады.