Елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді

Елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді

Елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцина адамға егілді
ашық дереккөзі
269
Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығы елімізде алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцинаны адамға салып көрді. Екпені алған алғашқы қазақстандық - орталық директоры Қайсар Табынов, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. Қайсар Табыновқа COVAX-19 атты препарат егілген. Вакцина Австралияда жасалған. Қазіргі таңда клиникалық сынақтың алғашқы сатысынан өтуде.  width= «Бұл шынында коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы жақсы жаңалық шығар. Яғни, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның пайда болуы. Жалпы, халықты осы өте жағымсыз және қауіпті аурудан жаппай иммундау тақырыбы қазір әлемде өте өзекті. Иммунология және вирусология саласындағы көптеген маман коронавирустың осы түрі туралы қажет білім алып, пандемияны әлемнің әртүрлі еліне вакциналарды қолдана бастағанда ғана тоқтатуға болатынын айтады. Бұл препараттарды жасауға көптеген ғылыми ұжым, институт пен компания айналысады. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істепжатыр. Қолдану үшін үлгілер дайын», – дейді тілші Григорий Беденко.
Жаппай вакцинациялау – біраз уақыттың мәселесі. Бірақ уақыт факторы өте маңызды, себебі, өкінішке қарай, инфекциядан қайтыс болғандар саны өсіп келе жатыр. Сондықтан Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы балама шешім ұсынады.
  Телеарна тілшісі Қазақстанның жеке вакцинасын Жамбыл облысы Отар аулында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары