252
Елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат берілді
Елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат берілді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың көшеде маска тағып жүруін міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді.
Министрдің «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.
10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай өзгерістер енгізілсін:
7) бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті;
9) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес жасқа дейінгі балалар мен жеке, топтық спорт түрлерімен бес адамнан аспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, ашық жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию міндетті болып саналады», - делінген жаңартылған құжатта.
Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтарға көшеде маска киюге бұйрық берілген. Бұл туралы елдің бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.
Кейіннен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын.