Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды

Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды

Бостондағы жарылыс: Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды
ашық дереккөзі
254
2013 жылы Бостон марафонында теракт жасаған Джохар Царнаев өлім жазасына кесілмейтін болды. Тиісті үкімді АҚШ соты алып тастады. Бұған  судьяның тұрақты өкілдерді қайта іріктей алмауы себеп болып отыр. Өйткені олардың кейбірі бейтарап пікірде болмаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл атышулы оқиға жаңалықтарда кеңінен айтылып, күні-түні Джохар Царнаевтың суреті мен видеосы көрсетілген еді. Сол кезде бірінші инстанциялы сот Джохар толығымен кінәлі деген ой қалыптастырған тұрақты өкілдерді тартқан. Енді сот өлім жазасы әділ тағайындалмағандығын алға тартып, үкімді қайта қарастырды. Осылайша, фемида өкілдері Бостон марафонында теракт жасағанға қандай жаза тағайындау керектігін қайтадан шешетін болады. Естеріңізге сала кетейік, марафон кезіндегі жарылыста 3 адам қаза тапқан. Оның біреуі – бала. Ал 282 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.

Серіктес жаңалықтары