Ресейлік студенттер оқу орнында маска тағуға міндеттелді

Ресейлік студенттер оқу орнында маска тағуға міндеттелді

Ресейлік студенттер оқу орнында маска тағуға міндеттелді
ашық дереккөзі
213
Жаңа оқу жылында Ресей жоғары оқу орындарында маска тағып жүру міндетті талапқа айналмақ. Бұл туралы Ресей білім министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Оқу процесін ұйымдастыру кезінде жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қатаң сақталады» деді РФ Білім министрі Валерий Фальков. Бір айта кетерлігі, министрлік ағзасында вирусқа антидене бары анықталған студенттер мен оқытушыларға маскасыз жүруге рұқсат етпекші. Бастысы, соны дәлелдейтін анықтама болса болғаны. Студенттер мен оқытушыларды университет әкімшілігі маскамен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Пандемия басталғалы Ресейде 840 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 13963 адам қайтыс болды. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1289 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 90 мыңнан асты. Науқастардың 61 мыңға жуығы емделіп шықты. 793 адам көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары