196
«Nur Otan» партиясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті
«Nur Otan» партиясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті
Партия Айсұлу Байтыкова ұшырасқан жағдайдан тыс қалған жоқ. Бүгін Қарабалық аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Көшекбаева Қарабалық аудандық полиция бөлімі бастығының м.а., полиция майоры С.Сағидуллаев және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полиция капитаны Ирина Шевченкомен бірге Айсұлуға барып, хал-жағдайын білді.
Қарабалық ауданының әкімдігімен бірлесіп өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша А.Байтыковаға Қарабалық орта мектебіне 2020 жылдың 10 тамызынан бастап бастауыш пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, Айсұлуға Дағдарыс орталығының қызметтері де ұсынылды, алайда ол бұдан бас тартты. Қарабалық ауданының полиция бөлімі Айсұлудың бұрынғы күйеуіне қатысты 30 тәулікке қорғау нұсқамасын шығарды.
Сонымен қатар, партияның Қостанай облыстық филиалы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Айсұлу Байтыковаға көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
«Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында Айсұлуға ақысыз негізде жан-жақты заңдық көмек көрсетіледі. Сотта Айсұлудың мүддесін Қостанай адвокаттар алқасының адвокаты, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ КҚ мүшесі Чумак Алла Александровна қорғайды. Айсұлу талап арыз жасау және құқықтық көмек көрсету үшін 2020 жылғы 3 тамызда сағат 11.30-да партияның облыстық филиалына шақырылды.
Ол «Nur Otan» партиясына назар аударып, көмек көрсеткені зор алғысын білдірді.